ҚР Қорғаныс министрі Отан қорғаушыларды Ұлы Жеңіс мерекесімен және Қарулы Күштердің құрылған күнімен құттықтады

АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Қорғаныс министрлігінде өткен салтанатты жиында министр Әділбек Жақсыбеков Отан қорғаушыларды Ұлы Жеңіс мерекесімен және Қарулы Күштердің құрылған күнімен құттықтады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
None
None

Отанды жанқиярлықпен қорғау - халқымыздың тарихи дәстүрі, ел басына күн туғанда жауынгер бабаларымыз елді, жерді қорғау үшін атқа мінген. Бүгінгі Отан қорғаушылары да жауынгер ұрпақтың заңды жалғасы десе болады.

Мемлекеттің қауіпсіздігін ел Қарулы Күштері сенімді қамтамасыз етіп келеді. Қазіргі таңда әскерде қызмет ету Қазақстанның кез келген азаматының қасиеті борышы ғана емес, ерлердің шын мәніндегі құрметті ісі болып отыр, деп атап өтті баспасөз қызметі.

Салтанатты жиында Қорғаныс министрі бірқатар әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар мен әскери атақтар табыс етті.

Министр барлық әскери қызметшілерді Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңіс меркесімен құттықтады. Оларға мықты денсаулық, Отан алдындағы қызметтеріне табыс тіледі.

Соңғы жаңалықтар