ҚР Қорғаныс министрі «Жас ұлан» Республикалық әскери мектебіндегі бассейннің ашылуына қатысты
АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - ҚР Қорғаныс министрі Даниал Ахметов бүгін С.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық әскери мектебінде болып, ондағы жүзу бассейнінің ашылу салтанатына қатысты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Д.Ахметов еліміздің Қарулы Күштері үшін мамандар дайындауда «Жас ұлан» мектебінің маңызы ерекше, деп атап өтті. «Жоғарғы Бас қолбасшы ? ел Президенті Н.Назарбаев қазіргі жастардың келешегі зор болуы үшін барлық мүмкіндікті жасап отыр. 2008 жылы мектепті жөндеу және абаттандыру үшін 386 млн. теңгеге жуық қаржы бөлінді. Жарақтандыру жағынан біз бүгіндері кез келген елдің осы секілді мектептерінің деңгейінен кем емеспіз», - деді ҚР Қорғаныс министрі.«Сендердің басты міндеттерің, - деді, қорғаныс ведомствосының басшысы мектеп тәрбиеленушілеріне арнап, - жақсы оқу, Отанды сүю, оған және ҚР Президентіне адал болу және мемлекет пен оның Қарулы Күштеріне лайықты болу».