ҚР Қорғаныс министрінің басшылығымен еліміздің төрт облысында әскери даярлық тексерілді (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қарулы Күштерінде 16-18 шілде аралығында бөлімшелердің аймақтық қорғанысқа даярлығын тексеру басталды.

ҚР Қорғаныс министрінің басшылығымен жергілікті басқару органдарының аймақтық қорғаныс құралымдарын тарту арқылы Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарына тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қзыметінен.

Бүгін таңғы 6.00-де аталған төрт қорғаныс істері жөніндегі департаменттің 3000-нан астам әскери қызметшісі мен әскери міндеттілер тиісті жауынгерлік даярлық деңгейіне келтірілді. Облыстың басқа күштік құрылымдарымен өзара іс-қимыл ұйымдастырылып, әскери міндеттілерді жинау үшін хабарлама тарататын орындар мен пункттер өрістетілді. Қазір өкімге сәйкес жұмыстар жалғасын табуда.

Тексерудің негізгі мақсаты өңірлерде аймақтық қорғанысты ұйымдастыру мәселесі жөніндегі істердің шынайы жай-күйін бағалау болып табылады.

Аталған тексеру барысында жергілікті әскери басқару органдарын жұмылдыру кезеңіне көшіру, хабарландыру, жинау, аймақтық қорғаныс құралымдарын жасақтау үшін жұмылдыру ресурстарын жеткізу және оларды жан-жақты қамтамасыз ету іс-шаралары өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар
telegram