ҚР қорғаныс министрінің бұйрығымен С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебіне қабылдау қағидасы бекітілді

ТАНА. 7 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков «Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебіне қабылдау қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 24 маусымдағы №275 бұйрығына қол қойды, деп хабарлады ресми БАҚ.

ҚР қорғаныс министрінің бұйрығымен С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебіне қабылдау қағидасы бекітілді

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бұйрығы

2011 жылғы 24 маусым № 276 Астана қаласы

Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебіне қабылдау қағидасын бекіту туралы

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 26-бабына және «Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі» мемлекеттік мекемесін құру мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 наурыздағы №309 қаулысына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебіне қабылдау қағидасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы:

1) 2013 жылдан бастап ауыспалы құрамның штат санының лимиті шегінде конкурспен 1 оқу орнына 3 кандидаттан мемлекеттік тілде оқытылатын сыныптарға қабылдауды арттырсын;

2) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;

3) мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін бұйрықты ресми жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына жолдасын.

3. Бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

4. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Ә.Қ. Құрманғалиевқа жүктелсін.

5. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

Ә. ЖАҚСЫБЕКОВ.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің мінетін атқарушы М. Орынхановпен 2011 жылғы 21 шілдеде келісілген.

ҚР Әділет министрлігінде 2011 жылғы 15 тамызда №7124 санмен тіркелген.

Қабылдау қағидасы республикалық БАҚ-та жарияланды.