ҚР Қорғаныс министрлігі Арыста қару-жарақ бөлшектерін жоюға кірісті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрлігі бүгін Түркістан облысы Арыс қаласында жарылу қаупі жоқ қару-жарақ бөлшектерін жою бойынша жұмыстарды бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жою жұмыстары жұмыс күндері таңғы сағат 9-дан кешкі 18.00-ге дейін жүргізіледі. Онымен Қарулы Күштердің инженерлік әскерлер бөлімі айналысады. Құжаттарға сәйкес, тасымалдауға жарамайтын қару-жарақ бөлшектері арсенал аумағында, ал қалған бөлшектер Арыс қаласынан солтүстікке қарай 60 шақырым жерге шығарылып, «ҚазАрсенал» арнайы жабдықталған полигонында белгіленген тәртіппен жойылады.

«Құрметті Арыс қаласының тұрғындары! Жою кезінде жергілікті тұрғындарға қауіп келтірмейтін қатты дауыстар шығуы мүмкін. Қорғаныс ведомствосы дүрбелеңге түспеуді сұрайды. Жою кезінде барлық қауіпсіздік шаралары сақталады», - деп ескертті ҚР Қорғаныс министрлігінен.

Соңғы жаңалықтар