ҚР Қорғаныс министрлігі СК-ЦСКА Әскери спорт колледжінде түлектердің бітіру салтанаты өтті
Колледж 1996 жылы Алматы олимпиада резерві училищесі негізінде құрылған болатын. Осы уақыт аралығында «спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушы» мамандығы бойынша 520 маман арнайы орта білім алды, халықаралық дәрежедегі 70 спорт шеберлері және 320 Қазақстанның спорт шеберлері дайындалып шықты. Әр жылдарғы Олимпиада ойындарында колледждің 54 спортшысы ел намысын қорғаған.
ЦСКА спорт комитетінің әскери спорт колледжі жас ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеуде мақсатты жұмыстар жүргізеді. Майор, колледж бастығы Елена Вервейкина басқарған оқытушылар мен жаттықтырушылар құрамы елдің барлық аймақтарынан келген жастарға өз білімдері мен тәжірибелерін үйретуде. Студенттер спортты тек қана теория жүзінде емес, әртүрлі деңгейдегі жарыстарға қатыса отырып, тәжірибе жүзінде үйренеді.
Колледж студенттері 2004 жылы ҚР ҚМ СК-ЦСКА дайындаған келісімшартқа қол қояды, келісімшарт бойынша олар жарыстарға тек ЦСКА атынан ғана қатысады, және бұл әділетті де, себебі тәрбиеленушілер толығымен ҚР Қорғаныс министрлігінің қамқорлығына алынады.