ҚР Қорғаныс министрлігі Жаңа жыл түніндегі әскери ұшқыштардың қызметі туралы ролик түсірді (ФОТО ВИДЕО)

ҚР ҚМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанның Қарулы Күштерінде нарядтар мен қарауылдар мереке күні де өткеріледі. Отандастарымыз Жаңа жылды алаңсыз мерекелеу үшін, еліміз бен халқымыз сенімді күзет пен қорғауда болуы үшін әскери қызметшілер жерде және әуеде өздерінің қызметтерін жалғастыруда.
Биылғы жылы алғаш рет Жаңа жыл қарсаңында ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштерінің ұшқыштары жауынгерлік корабльдің штурвалы астында мерекені қарсы алу және көк аспанда ұшу арқылы елді құттықтады.
Дәстүр бойынша жыл сайын Жаңа жылда бөлімше командирлері әскери қызметшілерге тілек-лебіздерін білдіріп жататынын айта кеткен жөн. Жаңа жылдық абыр-сабыр, күйбең тіршілікке қарамастан, қазақстандық армияның әскери бөлімдерінде үйдегідей жайлы болу үшін мерекелік көңіл-күй сыйлауға тырысады.