ҚР Қорғаныс министрлігінде Каспийдегі қайғылы оқиғаның себеп-салдары айтылды (ФОТО)

Алқа мәжілісінде ҚР Қорғаныс министрінің жеке тапсырмасы бойынша ҚР ҚМ Бас инспекциясы жүргізген Ақтаудағы қайғылы оқиғаны тексеру қорытындысы бойынша сөз қозғалды.
ҚР ҚМ Бас инспекциясының басшысы генерал-лейтенант Құрбан Қаражановтың баяндамасында оқиғаның барлық деректері егжей-тегжейлі түсіндірілді. Талдау көрсеткендей, белгіленген ережелерді және іс-қимыл алгоритмдерін сақтамау негізінде кейбір жағдайларда базалық негіздерді білмеу және жеке құрамның оқытылмауы, сондай-ақ нашар бақылаудың салдарынан әкеп соқтыратын дүрлікпе адами фактор бірінші себеп болып табылады.
Сондай-ақ келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді сапалы түрде іріктеу және осы санатпен командирлер мен тәрбиешілердің жұмысы жөніндегі көкейкесті мәселелер де назардан тыс қалған жоқ.
Қарулы Күштерді жасақтаудың келісімшарттық жүйесі Қазақстанда 2002 жылдан бастап кезең-кезеңмен енгізілгенін түсіну қажет. Келісімшарт және мерзімді қызмет бойынша әскери қызметшілердің арасалмағы біртіндеп азайып келеді және қазір шамамен 20%-ға 80%-ды құрайды. Сонымен бірге, осы кезеңде келісімшарт бойынша қызметтің шақырылымның үйлесуі еліміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін анағұрлым ұтымды және қолайлы болып табылады.
Мұндай көзқарас бізге бір жағынан келісімшарт бойынша әскери қызметшілер тапсырмаларды орындауға дереу кірісуге қабілетті және ұдайы әзірліктегі құрамалар мен әскери бөлімдерге ие болуға мүмкіндік береді. Ал басқа жағынан әскери-есепке алу мамандықтары бойынша дайындықтан өтіп жатқан шақырылымның әскери қызметшілері бар бөлімшелер әрі қарай да жұмылдыру қорын құрай алады.
Әскери-патриоттық тәрбие беруді жетілдіру және оның әдіснамалық, ақпараттық және ұйымдастырушылық құрамдасы уақыт талабынан туындап отыр.
«Кез келген мәселенің мән-жайына толық жауапкершілікпен, қағидаттылықпен және түсінушілікпен қараған кезде ғана едәуір өзгеріске қол жеткізуге болады. Барлық командирлер мен басшыларды осыған бағыттаймын және бүгін қойылған тапсырмалардың мүлтіксіз орындалуын талап етемін», - деді алқа мәжілісін қорытындылай келе ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.