18:25, 18 Ақпан 2009 | GMT +5
ҚР Қорғаныс министрлігінде жоспарлы командалық-штабтық жаттығу өтті
АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат – ҚР Қорғаныс министрлігінде «Басқыншылыққа тойтарыс беру бойынша қорғаныс операцияларын жоспарлау» деген тақырыпта жоспарлы командалық-штабтық жаттығу өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Департаменттердің басқару органдарымен, ҚР Қорғаныс министрлігінің басқармаларымен, Штабтар бастықтары және Қарулы Күштер комитеттерімен қатар командалық-штабтық жаттығуға әуе қорғанысы күштері, зымырандық және артиллерия әскерлері, аэроұтқыр әскерлері, «Оңтүстік» және «Шығыс» аймақтық қолбасшылығы, Қарулы Күштердің тыл әскерлері тартылды.Жаттығуды Қазақстан Қарулы Күштері Штабтар бастықтары комитетінің шапшаң жоспарлау департаменті ұйымдастырды. Үш күн ішінде басқару органдарының офицерлері карталарындағы жұмыстардың барысында жоспарлау бойынша мәселелер пысықталды, қорғаныс операцияларында күш құралдарын қолдануға арналған шешімдер қабылданды және жоспарлық құжаттар әзірленді. Штабтар бастықтары комитеті төрағасының бірінші орынбасары генерал-майор Сәкен Жасұзақовтың атап айтқанындай, командалық-штабтық жаттығудың басты мақсаты ? Қорғаныс министрлігі және Штабтар бастықтарының комитеті қорғаныс операцияларын даярлауда басқару органдарының дағдыларын жетілдіруді анықтау болды.