ҚР Қорғаныс министрлігіне электр қуаты қайта беріле бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрлігіне үзіліп қалған электр қуаты қайта беріліп жатыр, деп хабарлады елорда әкімдігі Facebook-тегі парақшасында.

ҚР Қорғаныс министрлігіне электр қуаты қайта беріле бастады

«Осы кезде қаланың сол жағалауындағы кейбір нысандарға электр қуатын беру жұмыстары қалпына келтірілді. Осыдан шаммен 1 сағат бұрын Ұлттық кітапхана мен «Бәйтерек» монументі және «Изумрудный квартал» бизнес орталығына жарық берілді»,-делінген хабарламада.

Осы уақытта «Керуен» сауда ойын-сауық орталығына электр энергиясын беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бір сағат көлемінде электрмен қамтамасыз етуді шектеу шаралары алынып тастайды.