15:43, 16 Ақпан 2009 | GMT +5
ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері шаңғы жарыстарын өткізді
АСТАНА. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат – Астанада Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері шаңғы жарысын өткізді. Оған қорғаныс ведомствосының барлық департаменттері мен басқармаларының келісімшартпен қызмет атқарып жатқан әскери қызметшілері мен офицерлері қатысты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жарысты ашқан Қарулы Күштер штабтары бастықтары комитеті төрағасының орынбасары генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев дене тәрбиесі жағынан шымырлық әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығының бір бөлігі екендігін атап өтті. Жарыстарға барлығы 100-ге тарта офицерлер мен келісімшартпен қызмет атқарып жатқан әскери қызметшілер қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жедел жоспарлау департаментінің әскери қызметшілері басымдық көрсетті. Олар әртүрлі жас санаттары бойынша жүлделі орындардың көбін жеңіп алды. Шаңғы жарысында әскерилер өздерінің шымыр да сергек екендігін көрсетті.