ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусында болашақ кәсіби-сержанттар әскери ант қабылдады

АСТАНА. 11 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстанның түкпір-түкпірінен 195-тен астам кадет Отанға адалдық антын салтанатты түрде қабылдады.

ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусында болашақ кәсіби-сержанттар әскери ант қабылдады

Бозбалалардың әсқайсысы, ант қабылдағаннан кейін қолтаңбаларын қою  арқылы Қазақстан халқы алдында адал борышын атқаруға сөз берді. Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің, жергілікті билік органдарының өкілдері, Ұлы Отан соғысы мен Қазақстан Қарулы күштерінің ардагерлері, кадеттердің туыстары мен жолдастары қатысты.

Айта кетейік, кәсіби мамандарды дайындайтын оқу мекемесі Елбасының Жарлығымен 1996 жылы шілде айында құрылған болатын. Ал 2000 жылы ҚР ҚМ Кадет корпусына Шоқан Уәлиханов аты берілген еді.

Кадет корпусын тәмамдағаннан кейін кадеттер көлік және бронетанкті техниканы жөндеу бойынша темір ұстасы мамандығы мен мотоатқыш әскерлерінің кіші командирі дипломына ие бола алады. Сонымен қатар, олар 3-ші сыныпты БМП жүргізуші-механигі мен «В,С» категориялы жүргізуші куәлігін алады.

Кадет корпусы қабырғасынан барлығы 1800-ден астам кәсіби-сержант - Қазақстан әскерінің кіші командирлері Қарулы күштер қатарына қосылып дайындалып шығарылды.