ҚР Қорғаныс министрлігінің сайты үздіктердің қатарынан орын алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрлігінің mod.gov.kz ресми сайты «Билік және өзін-өзі басқару органдары» номинациясында «AWARD.kz» мерейтолық 15-ші ұлттық интернет-жүлденің 3-орын иегері атанды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«AWARD.kz» ұлттық интернет-жүлдесі - бұл Қазнет веб-сайттарының байқауы. Онда еліміздің ең сапалы, қызықты, пайдалы және көркем сайттары айқындалады және оларға Ұлттық интернет-жүлденің құрметті марапаттарын табыс етеді. Шара 15 жыл қатарынан өткізіліп келеді.

Биылғы жылы марапат 12 негізгі және 8 арнайы аталымдар бойынша табыс етілді. Байқауға 270-тен аса интернет-жоба қатысты. Олардың арасында компаниялардың сайттары, блогтар, медиаресрустар, білім беру және ойын порталдары, мобильді қосымшалар бар.

Соңғы жаңалықтар