ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі атыраулықтармен бірқатар кездесулер өткізді

АТЫРАУ. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов Атырау облысында болды. Ол «Теңізшевройл» ЖШС ұжымымен кездесу өткізіп, онда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауын жүзеге асыру туралы әңгімеледі,

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі атыраулықтармен бірқатар кездесулер өткізді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Кездесу Теңіз мұнай-газ кен орнының өзінде өтті. Жұмысшылар министрге өткен жылы Теңізде екінші буындағы зауыттың пайдалануға берілгендігі, ендігі жерде мұнай өндіру көлемін арттыруға мүмкіндіктің арта түскендігі туралы айтты. Сондықтан да, мұнай компанияларындағы жұмыс орындары мен жалақы мәселесінің ахуалы жағдайды тұрақты сақтап отыр.Атырауға оралғаннан кейін министр қоғамдық өкілдермен, экологтармен және ғалымдармен кездесті. Олар министрдің алдына аймақтың экологиялық жағдайына қатысты бірқатар мәселелер қойды. Олардың ішіндегі кезек күттірмейтіндері - бұрынғы ядролық полигонға қосымша зерттеулер жүргізу, Каспий теңізіне батып қалған бұрынғы ескі мұнай ұңғымаларын жою туралы болды.