ҚР Құрамасы қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21-23 сәуір аралығында Мәскеу қаласында ерлер мен әйелдер арасында қоян-қолтық ұрыс жекпе-жегінен Әлем чемпионаты өтті.
Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасы ерлер арасында 9 түрлі, ал әйелдер арасында 6 түрлі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Айта кетерлігі, құрама командадағы спортшылардың көпшілігі еліміздің күштік құрылымдарынан жасақталған.
Әлемдік доданың нәтижесінде ұлттық құрама түрлі деңгейдегі 14 медальді қанжығаларына байлап, командалық есепте 1-ші орынды иеленді.
Жарыс халықаралық жекпе-жек федерациясының (HSIF) бастамасымен ұйымдастырылды.
Ерлер арасында жеңімпаз атанғандар қатарында:
1 орын - 55 кг салмақ дәрежесіне дейін - Сағын Қазбек (Алматы қ. ІІД өкілі), 65 кг салмақ дәрежесіне дейін - Сатыбалдиев Рахметолла (Ақмола обл. ІІД өкілі ), 90 кг дейін - Абзалиев Олжас (ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкері), 90 кг аса салмақ дәрежесінде - Үстембаев Данияр (ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкері);
2 орын - 65 кг дейін - Мұқашев Ұлан (Алматы қ. ІІД өкілі), 95 кг дейін - Алыбек Айбек (ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкері), 85 кг дейін - Мұхамадиев Ілияс (ҚР ҰҚК өкілі);
3 орын - 70 кг салмақ дәрежесіне дейін - Забиев Назарбек (ҚР ҰҚК өкілі ).
Әйелдер арасында жүлделі орындарға ие болғандар:
2 орын - 50 кг салмақ дәрежесіне дейін - Ахмет Қымбат (Алматы обл. ҚАЖК өкілі);
3 орын - 45 кг салмақ дәрежесіне дейін - Әшімова Алина (Жекпе-жек федерациясының Ақмола обл. өкілі), 55 кг салмақ дәрежесіне дейін - Искаренова Роза (Ақмола обл. ІІД өкілі), 65 кг салмақ дәрежесіне дейін - Мұхамедьяова Анжелика (Жекпе-жек федерациясының Астана қ. өкілі), 70 кг салмақ дәрежесіне дейін Тікебаева Меруерт (Жекпе-жек федерациясының Ақтөбе обл. өкілі).