ҚР құрамасының сегіз зілтеміршісі таза шығып, Ойынға қатысатын болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық олимпиада комитеті мен ҚР Ауыр атлетика федерациясының бастамасымен допингке қарсы тәртіптің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін Дрезден (Германия) қаласында акредиттелген ВАДА зертханасында барлық атлеттер сынамасы тексерілді.
Зерттеу оң нәтиже көрсетіп, біздің барлық спортшылар таза шығып, төртжылдық басты жарысқа қатысатын болды.
Рио-де-Жанейрода алда өтетін 2016 жылғы Олимпиада ойындарына финалдық өтінім айқындалды. Жарысқа Қазақстаннан мынадай алдын ала нәтижелермен сегіз атлет қатысады:
Әйелдер:
Маргарита Елисеева (48 келіге дейін) - 191 келі
Карина Горичева (63 келіге дейін) - 251 келі
Жазира Жаппарқұл (69 кегіле дейін) - 261 келі
Ерлер:
Арли Чонтей (56 келіге дейін) - 286 келі
Фархад Харки (62 келіге дейін) - 321 келі
Нижат Рахымов (77 келіге дейін) - 367 келі
Денис Ұланов (85 келіге дейін) - 390 келі
Александр Зайчиков (105 келіге дейін) - 418 келі