ҚР Күрес федерациясы Дархан Баяхметовты ең үздік грек-рим күресінің шебері деп таныды

АЛМАТЫ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - ҚР Күрес федерациясы Дархан Баяхметовты ең үздік грек-рим күресінің шебері деп таныды.
None
None

Алғашқы жартыжылдықтағы ең үздік грек-рим күресі шеберін анықтау үшін жүргізілген сайттағы дауыс беру барысында ұлттық құрама үздіктерінің ішінен ең жоғары нәтиже көрсеткен 11 спортшының аты-жөні ұсынылған  болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш  федерацияның  интернет сайтына  сілтеме жасап.

  Федерация сайтына кірушілердің 117-сі (48,3 пайызы)  қарағандылық  Андрей Самохинге,  51-і (21,1 пайыз) талдықорғандық Дархан Баяхметовке, 24-і (9,9 пайыз) қостанайлық Бейбіт Нұғымановқа   дауыс берді.   ҚР Күрес федерациясының тұжырымы бойынша, алғашқы жартыжылдықтағы грек-рим күресінің ең үздік шебері Дархан Баяхметов.    Алматы облысының түлегі  ақпан айында 66 киләда Әлем кубогында 1-ші орын, мамыр айында Азия чемпионатында алтын медаль алды. Сондай-ақ   наурыз айында  Қазақстан чемпионатында 74 киләда белдесіп алтын олжалады.   Андрей Самохин  84 киләда Қазақстан мен Азия  чемпионы болды. Ал Бейбіт Нұғыманов 66 киләда ел чемпионы атанып, сәуір айында «Өзбекстан тәуелсіздігі кубогы» гран-приін жеңіп алды.  

Соңғы жаңалықтар