ҚР Құрылыс салушылар қауымдастығының мүшелері салынып жатқан баспананың құрылысын тоқтатпайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Құрылыс салушылар қауымдастығының мүшелері салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің құрылысын тоқтатпайды.
Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында аталған қауымдастықтың атқарушы директоры Аслан Түкиев мәлім етті.
«Қазақстанның Құрылыс салушылар қауымдастығына мүше компаниялар жобаларды тоқтатпайды, себебі біз бұл бағыттағы жұмыстарды бақылап отырмыз. Бұл нысандардың құрылысы аяқталып, тапсырылады. Алайда, маған барша саланың атынан жауап беру қиындау болады. Мемлекеттік органдар мен қауымдастық тарапы барша нысандардың аяқталуын талап етеді. Егер де құрылыс тоқтап қалса, бұндайларды проблемалық нысандар ретінде мойындаймыз. Осы орайда жеке құрылысшыларға нысандардың құрылысын аяғына дейін жеткізу үшін басқа тетіктер арқылы көмектесеміз, оның ішінде тұрғын үй-құрылыс кооперативтері арқылы»,-деді ол.