ҚР Мәдениет министрлігіне жаңа вице-министрлер тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет министрлігінде жаңа кадрлық тағайындаулар болды, деп хабарлады «Казахстанская правда» газеті.

ҚР Мәдениет министрлігіне жаңа вице-министрлер тағайындалды

«Үкіметтің қаулысымен Жанай Сейітжанұлы Омаров пен Асқар Ысмайылұлы Бөрібаев бұрынғы қызметтерінен босатылып, Қазақстан Республикасының мәдениет вице-министрлері болып тағайындалды», - делінген хабарламада.

Ж.Омаров әр кездері мәдениет министрлігінің ақпарат және қоғамдық келісім департаментінің директоры, Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы, «ҚазАқпарат» агенттігінің басшысы, «Караван» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. 2011 жылдың шілдесінен «Казахстанская правда» РГ» АҚ басқарма төрағасы болған.

А.Бөрібаев Қазақстанда виолончельші және дирижер ретінде танымал. Ол Алматыда Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияның аға оқытушысы, доценті, «Солисты Патры» оркестрінің орындаушысы - Афины консервториясының профессоры болған. 2007 жылдан 2008 жылдың наурызына дейін ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі болды, ал 2010 жылдың наурызынан ҚР мәдениет вице-министрі болды.