ҚР Мәдениет және ақпарат министрі «Абай?Шәкәрім?Мұхтар әлемі» көрмесін ашты

АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Бауыржан Мұқанов/ – Бүгін елордадағы Президенттік мәдениет үйінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед «Абай–Шәкәрім–Мұхтар әлемі» көрмесін ашты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.М.Құл-Мұхаммедтің хабарлағанындай, көрменің мақсаты ? елорда тұрғындары үшін қазақ халқының ұлы қайраткерлері: Абай Құнанбаевтың, Шәкәрім Құдайбердіұлының және Мұхтар Әуезовтің әлемін ашу. Келушілер мұрағат материалдарымен, естеліктермен, фотосуреттермен, тұрмыстық бұйымдармен таныса алады. Көптеген жәдігерлер Астанаға Абай мұражайынан (Семей) әкелінген. Олардың ішінде ақынның өлеңдері, ресми құжаттар, 1903 жылғы фотосуреттер, күміс ыдыс және басқа да экспонаттар бар. Көрменің жұмысы ағымдағы жылғы наурыздың 2-сіне дейін жалғасады.
Соңғы жаңалықтар