ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Алматыдағы театрларда болады
АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - Ертең, 8 маусымда ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай Алматыдағы театрларды аралайды. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, министр Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында, Мемлекеттік музыкалық- драмалық ұйғыр театрында, сондай-ақ М. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында болады деп күтілуде.