ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Минскіде беларусьтық әріптесімен кездеспек

МИНСК. 8 қазан. ҚазАқпарат - Минскіге ресми сапары шеңберінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Беларусь мәдениет министрі Борис Светловпен кездеседі.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Минскіде беларусьтық әріптесімен кездеспек

Кездесу барысында екі ел арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастықты ары қарай дамыту мәселелері жайында пікір алмасу жоспарлануда.

Сапар шеңберінде қазақстандық делегация мәдени-тарихи мұра нысандарын аралап, Беларусь астанасының ірі театрлары және мұражайларының басшыларымен кездеспек.

Министр, сондай-ақ, Беларусь Мемлекеттік академиялық музыкалық театрдың сахнасында өтетін Қазақстанның Беларусьтегі Мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысады.