ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Ұлттық кітапхана жұмысымен танысты

АЛМАТЫ. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Бүгін Алматыға жұмыс сапары барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Ұлттық кітапханада болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Ұлттық кітапхананы аралауды оқырман билетін жасатудан бастаған министр кітапхана ғимаратымен жіті танысты. Электрондық каталог, интернет, сирек кездесетін кітаптар залы, жертөледегі кітап сақтау орнында болып, кітапхана басшылығына бірқатар тапсырмалар берді. «Бұл ерекше кітапхана, бұндай кітапхана елімізде жоқ. Мәселен Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада 1,5 миллион кітап бар. Бұл жердегі кітап қоры 6 миллионнан астам. Ендігі уақытта осы мәдени, ағартушылық, құндылықтарды сақтау үшін, оқырмандардың оқуын жеңілдету үшін сандық жүйеге көшіру керек. Бұнда талай жыл бұрын шыққан өте сирек кітаптар бар. Егер соларды қалпына келтіріп, сандық жүйеге көшірмесек 10-15 жылда кеш болады. Сондықтан кітапхана басшылығына жаңа бағдарлама жасап, кітаптарды сандық жүйеге көшіру керек», деді М.Құл-Мұхаммед. Сонымен қатар күрделі жөндеу жұмыстарынан қалып қойған 2 қабатты кітап сақтау бөлімін жөндеу үшін жаңа техникалық негіздеме дайындауды тапсырды. Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық кітапханада соңғы 3 жылдан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұған жалпы көлемі 1 миллиард теңге бөлінген. Шара барысында кітапхана ұжымымен кездескен министр кітапхананың жақсы жетістіктерге жетіп отырғанын атап өтті. «Кітапханада 5 мыңнан астам тұрақты оқырман бар. Шет елдік кітапханалармен байланыс та орнатылған. Алдағы уақытта олармен тек байланыс орнатып қоймай, тәжірибе алмасуды жүзеге асыру керек», деді М.Құл-Мұхаммед.
Соңғы жаңалықтар