ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы тағайындалды

None
None
АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Қаламқас Әбуова/ - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Бауыржан Омаров министрліктің Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Б.Омаров қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, Мәскеу халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университетін, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін бітірген. Журналист, экономист, филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Әр жылдарда ҚР Мәдениет министрлігі Тілдерді дамыту департаментінің директоры, Тіл комитетінің төрағасы, «Литер-Медиа» ЖШС атқарушы директоры, «Хабар» агенттігінің «Жеті күн» ақпараттық-сараптама бағдарламасының жүргізушісі, «Айқын» газетінің бас редакторы, Қызылорда облысы әкімінің аппарат жетекшісі, "Қазақ газеттері" ЖШС Бас директоры қызметтерін атқарды. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. 10-нан астам монографияның, 70-тен астам ғылыми жұмыстардың авторы.
Соңғы жаңалықтар
telegram