ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі бұдан былай журналистік ұйымдарды тікелей қаржыландыра алатын болады - Болат Кальянбеков
АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті бұдан былай журналистік ұйымдарды тікелей қаржыландыра алатын болады. Мұндай ұйымдардың бірі - «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі. Біз осы ұйымды қаржыландыруды 2013 жылдан бастаймыз деген үміттеміз.
Бұл туралы бүгін Бас редакторлар клубының 5 жылдық салтанатты жиналысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Кальянбеков мәлімдеді.
«Биыл ҚР заңнамаларында ҮЕҰ-ға қатысты мәселелер бойынша біраз өзгерістер болды. Осы өзгерістер бойынша салалық құрылымдар өз саласын дамыту үшін тікелей жұмыс жасайтын ҮЕҰ-ды қаржыландыратын болады», - деді Б. Кальянбеков.
«Өткен 5 жыл ішінде клуб өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Мұнда жұмыстың жаңа үлгісі қалыптасып, өзіндік дәстүрлер пайда болды», - деп атап өтті ол.
Сондай-ақ, Б. Кальянбеков Клубқа жаңа жетістіктер мен биік белестер тілей келе, «Өмірдің өзі көрсеткендей, бізге осындай алаңдар керек. Қызметтің жаңа форматтарын табу керек. Өйткені ақпарат айдыны сәт сайын өзгеріп отыратын сала», - деп қосып өтті.