ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары бекітілді
АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 25 қарашадағы №273 бұйрығымен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары бекітілді.
ҚазАқпарат құжаттың мәтінін жариялайды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Жарлығының 2-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Кадр қызметі басқармасы: 1) осы бұйрықты заңнамамен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялауды және мемлекеттік органдар интранет-порталында (МОИП) орналастыруды; 3) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы Ж.Д.Құрманғалиеваға жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр М. ҚҰЛ-МҰХАММЕД.
Құжаттың толық мәтіні республикалық басылымдарда жарияланды.