ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы Үкімет қаулысына өзгертулер енгізілді

ҚазАқпарат құжат мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2010 жылғы тамыздың 5-і. № 802
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы желтоқсанның 31-індегі №2336 қаулысына өзгертулер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы желтоқсанның 31-індегі «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» № 2336 қаулысын бекіту туралы» қаулысына мынадай өзгертулер енгізілсін:
1 тармақтың тақырыбындағы «және ақпарат» деген сөз алынып тасталсын.
Аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары осы қаулыға қосымша беріліп отырған жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2.Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов