ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұжымына ведомство басшысының жаңа орынбасары таныстырылды

АСТАНА. Шілденің 30-ы. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед ҚР Үкіметінің қаулысымен тағайындалған Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ғазиз Тұрысбекұлы Телебаевты ұжымға таныстырды,

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұжымына ведомство басшысының жаңа орынбасары таныстырылды

деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

«Соңғы уақыттары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі еліміз мемлекеттік органдары үшін басшы кадрларының ұстаханасы болып отыр. Үш вице-министр Президент Әкімшілігіне жауапты лауазымдарға жоғарылатылды. Бұл біздің министрлік үшін үлкен бедел. Бүгінгі күні біздердің алдымызда өте үлкен міндеттер тұр, оны тиімді шешу үшін барлық күш-жігерімізді жұмылдыруымыз қажет. Ғазиз Тұрысбекұлының бұған өзінің үлкен үлесін қосатынына сенімдімін», - деді М.Құл-Мұхаммед.

Біздің анықтама: Ғазиз Тұрысбекұлы Телебаев 1957 жылы Алматы облысында туған. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірді (1980 ж.), философия ғылымдарының докторы, профессор.

Университетті бітіргеннен кейін 1980-1993 жылдары елдің жоғары оқу орындарында оқытушылық қызметпен айналысты.

1993-1997 жылдары - ҚР Мемлекеттік хатшысының кеңесшісі, ҚР Президенті Әкімшілігі Талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының әлеуметтану секторының меңгерушісі. 1997-2003 жылдары - Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің талдау және жоспарлау бөлімінің бастығы, ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, директоры. 2003-2006 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» Ақпараттық-талдау орталығы директорының орынбасары, «Рауан Медиа Групп» АҚ Ақпараттық талдау орталығының директоры, ҚБТУ философия және құқық кафедрасының меңгерушісі, ҚР Президенті баспасөз қызметінің инспекторы.   

2006 жылдың шілдесінен бері «Этносаяси және гуманитарлық зерттеулер»  қоғамдық қорының президенті болды.