ҚР мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы «Казахстанская правда» газетін 95 жылдық мерейтойымен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1920 жылдың 1 қаңтарынан басылып келе жатқан еліміздің ең ірі газеттерінің бірі «Казахстанская правда» басылымы өзінің 95 жылдық мерейтойын атап өтті. Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы газетті мерейтойымен құттықтады, деп хабарланған аталмыш министрліктің сайтында.
None
None

Бір ғасырға жуық тарихы бар газет ұжымын құттықтауға арналған салтанатты кешке сонымен қатар ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, Сенат және Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік орган баспасөз қызметтерінің жетекшілері, сондай-ақ облыс әкімдіктері баспасөз қызметтерінің жетекшілері қатысты. «Газет ұжымын осынау айтулы мерейтойларымен шын жүректен құттықтаймын. Мемлекет басшысы атап өткендей, «Казахстанская правда» газеті расымен халықтың газеті. Сіздер күн сайын еліміздегі маңызды оқиғаларды халыққа жеткізіп, ірі мемлекеттік бағдарламаларымыздың жүзеге асырылуына үлес қосып келесіздер. Бұл үлкен еңбек, редакция басшыларын қоса алғанда, газеттегі әрбір журналист осы еңбектің жемісін көрсін», - деді ұжымды құттықтаған Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ұжымды мерекесімен құттықтай отырып, газеттің екі қызметкеріне «Мәдениет қайраткері» атағын табыс етті. «Біз біз газеттің тұрақты оқырмандарымыз. 95 жылдық тарихы бар басылымның болашағы әлі алда»,- деді министр.

Соңғы жаңалықтар