ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Қарағанды облысының әкімдігі діни салада тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі мен Қарағанды облысының әкімдігі мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды реттеу саласындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды.
None
None

Меморандум діни салада тұрақтылықты қамтамасыз ету және елді ңдамуындағы зайырлы ұстанымдарды ілгері жылжыту бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған. Онда облыс әкімдігіне әдістемелік көмек көрсету, радикалдық діни ағымдарды ұстанушылар арасында мақсатты алдын алу және сауықтыру жұмыстарын жүргізу және ҚР Үкіметі мен әкімдіктер жанындағы діни бірлестіктермен байланыс кеңестері жұмысының тиімдігін арттыруға баса көңіл бөлінген.

Құжатқа ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков қол қойды.

Мәдениет және спорт министрлігінен хабарлағандай, мұндай меморандумдарға барлық облыстар және Астана мен Алматы қалалары әкімдіктерімен қол қойылады.

Соңғы жаңалықтар