ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі А.Мұхамедиұлының пікірі жаңылыс қабылдануына қатысты түсінік берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ғалым Ахмедияров Астанада халық алдында есеп берген кездесуінде ҚР Мәдениет және спорт министрінің пікірінің жаңылыс қабылдануына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
None
None

«Биыл 23 мамырда «Қазақстан» ОКЗ-да ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының 2015 жылғы министрлік қызметінің нәтижелері бойынша халықпен есепті кездесуі өтті.

Кездесу барысында министр министрлік қызметіне қатысты, атап айтқанда, сүйікті жазушысы Шыңғыс Айтматовтың творчествосына қатысты бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Бірқатар БАҚ министрге сілтеме жасай отырып, оның сөзінің тек екі тұсын ғана қысқартып берген.

Алайда министрдің сөзі басқаша қабылданып, БАҚ-та түрлі пікірлердің туындауына алып келді. Шындығында министр Шыңғыс Айтматовтың философиясын мысалға ала отырып, бауырлас халықтарымыздың тарихы, діні, дәстүрі, мәдениетінің ортақтығы бір-бірімізден үйренеріміздің бар екенін көрсететінін айтып өтті.

«Біз Толомуш Океев, Суйменкул Чокморов сияқты дарындарды дүниеге әкелген жарқын да келелі тарихы, мәдениеті бар қырғыз халқының болашағының кемел боларына, экономикалық жетістіктерге жетеріне сенеміз.

Біз, қазақстандықтар мен қырғызстандықтар, ойшылдарымыздың айтқанын жадымызда ұстап, эволюциялық даму жолында бірге алға жылжуымыз қажет.

Министр Арыстанбек Мұхамедиұлы қырғыз халқына ерекше құрметпен қарайтынын, оның ешкімді ренжітуге ниеті жоқ екенін тағы бір мәрте мәлімдейміз.

Министр айтылған сөзінің дұрыс қабылданбағаны үшін шын жүректен кешірім сұрайды», - делінген вице-министрдің хатында.

Соңғы жаңалықтар