ҚР Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы қызметіне Гүлнәр Ықсанова бекітілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы қызметіне Гүлнәр Ықсанова сайланды.
Отырысқа қатысқан халық қалаулыларының барлығы депутат Г. Ықсанованың кандидатурасын осы қызметке бірауыздан қолдады.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін аталған комитеттің төрайымы қызметін депутат Дариға Назарбаева атқарды. Жалпы отырыс барысында Д. Назарбаева Мәжілістің вице-спикері қызметіне сайланды.