ҚР Мемлекеттік хатшысы Назарбаев Университетінде дәріс оқыды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Назарбаев Университетінде» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықованың «Қазақстан Республикасының орнықты дамуындағы адами капиталдың рөлі» атты тақырыпта дәрісі өтті.
Дәріске жоғары оқу орынның студенттері, профессорлық-оқытушылық құрамның өкілдері, қызметкерлер мен шақырылған қонақтар қатысты.
Еліміздің жетекші жоғары оқу орнында оқыған дәрістің бастапқы сөзінде Мемлекеттік хатшы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты жаңа Жолдауының әлеуметтік бағдарлылығын айтып, онда еліміздің тұтастай инфрақұрылымын дамытуға басты орын беріліп отырғанын айрықша атап көрсетті. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға, халықтың жұмыспен қамтылуына, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге септесетін болады. Қолға алынған шаралар экономика салаларының дамуына жаңа серпін беріп, Қазақстанның ең дамыған отыз елдің қатарына кіруін жеделдетеді. Сондай-ақ, Гүлшара Әбдіқалықова ең дамыған отыздыққа кірудің негізгі шарты елімізде адами капиталды дамыту екенін атап өтті. Дәріс барысында Мемлекеттік хатшымен адами капиталды дамытудағы ағымдағы негізгі жаһандық қыркөрсетулер қарастырылды. Мемлекеттік хатшының пікірінше, жаңа технологияларды дамыту әрі қыркөрсетулер, әрі мемлекетті дамытудың мүмкіндігі ретінде қарастырылады. Инновациялар мен білімді қолдану экономиканың өнімділігіне жағдай туғызады. Бұл ретте, Г.Н.Әбдіқалықова «экономика салаларының бәсекеге қабылеттілігі, бірінші кезекте, сапаға, өнімділіке және адами ресурстардың икемділігіне қатысты» екенін атап өтті. Мемлекеттік хатшы әлемнің түрлі елдеріндегі адам дамуының индексі мен жан басына шаққандағы кірістің арасындағы оң арасалмақты атап өтті, елдердің дамуындағы инновацияның ықпалын талқылады, әлемнің дамыған және дамушы экономикаларының арасындағы алшақтықты қандай факторлар ұлғайтуы мүмкін екені жөнінде әңгімелеп берді. Г.Н.Әбдіқалықова адами капиталды дамытуға жағдай туғызатын салаларды атап көрсетті - олар білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау жүйесі. Мемлекеттік хатшы өз дәрісінің аясында ұлттық экономиканың өнімділігін арттыру үшін отандық кадрлардың бәсекеге қабылеттілігін көтеру мәселелеріне жан-жақты тоқталды. Дәріс қорытындысында Мемлекеттік хатшы мемлекет соның шеңберінде жұмыс жүргізіп жатқан адами капиталдың сапасын және еңбек ресурстарының өнімділігін арттырудың басымдықтарын атап айтты. Дәрістің қорытындысы бойынша студенттер мен оқытушылар Мемлекеттік хатшыға өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, егжей-тегжейлі жауаптар алды.
Айта кетейік, адам әлеуетінің даму индексіне сәйкес (ПРООН) Қазақстан 2007 жылы 73 орыннан (177 елдің арасынан) 2013 жылы 70 орынға (187 елдің ішінен) орналасып - адам әлеуетін дамытудың жоғары деңгейлі елдерінің тобына енді.