ҚР Мемлекеттік хатшысы өзінің СҚО-ға сапары барысында азық-түлік нарығындағы баға жағдайына көңіл бөлді

ПЕТРОПАВЛ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ – Бүгін Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүрген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Петропавлдағы «ЗИКСТО» АҚ зауытында және қаланың сауда орталықтарында болып, облыс орталығындағы азық-түлік нарығының баға жағдайына көңіл бөлді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«ЗИКСТО» АҚ-да ҚР Мемлекеттік хатшысы облыс әкімі Серік Біләловпен бірге вагон құрастыру цехында болды, онда өткен жылдың күзінен бастап Қазақстанда тұңғыш рет жартылай жүк вагондарын шығару игерілген болатын. Зауыттың бас директоры Владимир Коровиннің хабарлағанындай, алғашқы жартылай вагон сынақтан өткен және Мәскеуде сертификатталған. Кәсіпорынның проблемалары талқыланған кездегі сұхбаттасу барысында Қанат Саудабаев бүгінгі күні импорт алмастыру бағдарламасы бойынша саланың өз өнеркәсіп өндірісін дамыту жоспарымен жұмыс істеуі өте маңызды екенін атады. Одан кейін Мемлекеттік хатшы «Қызылжар?Ақбастау» коммуналдық базарында болып, нарықтық бағадан төмен азық-түлік тауарлары түрлерімен және бағаларымен танысты. Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы Петропавлда жақында ашылған «Шапағат» әлеуметтік дүкенінде болды. Ондағы баға нарықтық бағадан әлдеқайда арзан. Биылғы жылы облыс орталығында осындай 8 шағын дүкен ашылды. Сатып алушылармен болған әңгіме кезінде зейнеткерлер осындай сауда нүктелеріндегі бағаларға қанағаттанатындарын және мемлекеттің ардагерлерге танытып отырған қамқорлығына, азық-түлік тауарлары бағасын ұстап тұру саясатына алғыстарын білдірді.Одан кейін Қанат Саудабаев Қызылжар ауданындағы «Зенченко және К» серіктестігіне аттанып кетті. Онда өткен жылы ауданда «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасы аясында ірі тауарлы-сүт өндірісін құру бойынша жоба іске асырылған болатын.Ертең ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ.Саудабаев облыс орталығындағы басқа да бірқатар нысандарда болып, баспасөз брифингін өткізеді.
Соңғы жаңалықтар