ҚР Мемлекеттік хатшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті уақытылы өткізуді тапсырды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
None
None

Отырыс барысында «Өңірлерді дамыту 2020 жылға дейінгі бағдарламасын», «Агробизнес-2020» Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламаны» іске асырудың заңдылығын сақтау мен тиімділігі мәселелері қаралды.

Мемлекеттік хатшы қаралатын бағдарламалар халықтың тыныс-тіршілігі үшін қолайлы жағдайлар жасауға, әлеуметтік мәселелерді шешуге, ауыз сумен қамтамасыз етуге , қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және ауыл шаруышылығын қаржылық сауықтыруға бағытталғанын атап өтті. Бұл ретте Мемлекет басшысының тапсырмасына орай орталықта да, сондай-ақ жергілікті жерлерде де бағдарламаның ережелерін дер кезінде әрі тиімді орындау маңызды.

Атап айтқанда, жиында Бас прокурор Асхат Дауылбаев, Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев баяндама жасады.

Бағдарламаларды іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою үшін Комиссия тарапынан Ұлттық экономика және Ауыл шаруашылығы министрліктеріне, квазимемлекеттік сектор суюбъектілеріне, жергілікті атқарушы органдарға тиісті талдау жүргізу ұсынылды.

Г. Әбдіқалықова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті уақыты өткізудің қажеттігін қадап айтты. Бұл өз кезегінде заң бұзышылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Мұнымен қоса, отырыс қорытындысы бойынша Комиссия мемлекеттік органдарға нақты ұсынымдар мен тапсырмаларды жүктеді.
null null null null null

Соңғы жаңалықтар