ҚР Мемлекеттік хатшысы ведомстволық наградалар бойынша геральдикалық комиссия отырысын өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен Қазақстан Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган - Ведомстволық наградалар жөніндегі геральдикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

ҚР Мемлекеттік хатшысы ведомстволық наградалар бойынша геральдикалық комиссия отырысын өткізді

«Отырыста ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалармен марапаттау жұмысының жай-күйі, «Еңбек ардагері» медалінің құқықтық мәртебесін бекіту, сондай-ақ ведомстволық наградалардың геральдикалық сипаттамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қаралды. Отырыс қорытындысында нақты тапсырмалар мен ұсынымдар берілді», - деп хабарланды сайтқа орналастырылған баспасөз баянында.

Ведомстволық наградалар жөніндегі геральдикалық комиссия Мемлекет басшысының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі №155 Жарлығымен құрылған. Оның құрамына Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, өзге мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері және кәсіби мамандар кіреді.

Комиссияның негізгі міндеті - ведомстволық наградалардың нормативтік құқықтық актілерін және олардың геральдикалық сипаттамаларын жетілдіру.