ҚР Мемлекеттік хатшысы жұмыс берушілерді WorldSkills қозғалысын қолдауға шақырды
«WorldSkills жобасы әлемнің көптеген елдерінде мемлекеттің мол қолдауына ие және мен «WorldSkills Қазақстан» қамқоршылық кеңесінің төрайымы ретінде Қазақстанның техникалық және кәсіби білім беру жүйесінің халықаралық үздік тәжірибемен интеграциялануына жәрдем беруге дайын екендігімді білдіргім келеді. Бұған қоса, жұмыс беруші компаниялар мен оқу орындарын техникалық кадрлар дайындау жөніндегі WorldSkills қозғалысына қолдау білдіруге шақырамын», - деді Мемлекеттік хатшы.
Оның атап өтуінше, бүгінгі күннің өзінде жұмыс мамандықтарының тартымдылығын арттырып, оның мәртебесін көтеруде елімізде барлық жағдай жасау үшін WorldSkills тетіктерін белсенді қолдану қажет.
«Айта кетерлгі, WorldSkills кәсіби дағды мен құзыретті ғана дамытып қоймай, сонымен бірген кәсіби стандарттарды да қалыптастырады. Бұған қоса, аталған жарыстардың нәтижесі - бұл әрбір елдің бетке ұстар картасы десек те болады. Біз ағымдағы жылы бағдарламаға алғаш рет қатыстық», - деді Г.Әбдіқалықова.