ҚР Мемлекеттік істер агенттігі жанынан қоғамдық кеңес құрылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанынан қоғамдық кеңес құрылды, деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі.
None
None

Агенттік төрағасы Қайрат Қожамжаров қоғамдық кеңестің Агенттік қызметіндегі рөлі маңызды екенін атап өтті. Себебі, азаматтық қоғам өкілдеріне мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу мүмкіндігі беріліп отыр.

Қоғамдық кеңес жобалар мен бюджеттік бағдарламаларды орындауды талқылауға, азаматтардың құқықтары, бостандықтары және міндеттемелеріне қатысты нормативті-құқықтық акті жобаларын құруға, мемлекеттік басқару және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың үндеуін қарастыруғабелсенді қатыса алады.

Төраға лауазымына Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Серікжан Қанаев тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар