ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды.

ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.

«Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын», деп жазылған Жарлықта.