ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне іріктеу мәселелері талқыланды

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - 2013 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне іріктеу мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне іріктеу мәселелері талқыланды

Семинар-кеңеске 29 мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметінің және Астана қаласы әкімдігінің қызметкерлері, сондай-ақ Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігінің сарапшылары қатысты.

Семинар барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары Ә. Көмекбаев пен Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімінің меңгерушісі Т. Жұмағұлов баяндама жасады.

Семинар-кеңес қатысушыларымен «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне іріктеу мен қалыптастыру мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, семинарда мемлекеттік қызмет туралы заңдағы өзгерістерді іске асыру мәселелері талқыланды.


Бейсен Сұлтан