ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде бірқатар кадрлық тағайындаулар орын алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде бірқатар кадрлық ауыс-түйістер орын алды.
Атап айтқанда, Агенттік Төрағасы Әлихан Бәйменовтің бұйрығымен бұған дейін Агенттіктің Мемлекеттік қызмет персоналын басқару бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымын атқарған Жарқын Оралханұлы Тілеукенов Агенттіктің әкімшілік жұмыс және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды. Бұрын Агенттіктің әкімшілік жұмыс және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымын атқарған Қанат Керімханұлы Қадырбеков Алматы қаласы бойынша аумақтық департамент басшысының орынбасары-хатшылық меңгерушісі болып тағайындалды. Бұрын Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің заңнаманы жетілдіру және заңи сараптама секторының меңгерушісі болып жұмыс істеген Гүлнар Оразбайқызы Мұхамедиева Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды. Агенттіктің Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің заңнаманы жетілдіру және заң сараптама секторының меңгерушісі лауазымына бұрын Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің заңнаманы жетілдіру және заң сараптама секторының бас сарапшысы болған Алтынай Әмірғалиқызы Қапышева тағайындалды.