11:37, 16 Қазан 2013 | GMT +5
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде бос әкімшілік лауазымдарға 18 үміткер таласуда
АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде бос әкімшілік лауазымдарды иеленуге конкурстық комиссияның ашық отырысы өтті.

Конкурстық комиссия мүшелері бос әкімшілік лауазымдарға үмітті 18 адаммен әңгімелесті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жақында Агенттік сайтында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жоспарлау және бюджет бөлімі Бухгалтерлік есеп және есептілік секторының бас сарапшысы лауазымына 7, Инспекция және бақылау бөлімі Инспекция секторы инспекторының бас кеңесшісі лауазымына 11 үміткердің тізімі орналастырылған болатын.