ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінде төрт Қоғамдық кеңес комиссиясы құрылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінде төрт Қоғамдық кеңес комиссиясы құрылды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Отырыс барысында Қоғамдық кеңес мүшелері комиссия қызметінің негізгі бағыттарын қалыптастыру, ағымдағы жылдың жұмыс жоспарына өзгертулер енгізу бойынша мәселелерді қарастырып, сондай-ақ, министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен және ведомствоға қарасты ұйымдардың қызметімен танысты.

«Мәжілістің қорытындысы негізінде Қоғамдық кеңестің негізгі бағыттары бойынша министрліктің стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру мен бюджеттік бағдарламалардың орындалуына мониторингі; мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызмет көрсету саласын жетілдіру мәселелері;  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін талдау; әдеп ережесі мен әдеп жөніндегі уәкіл мәселелері бойынша 4 комиссия қалыптастырылды», - делінген хабарламада.

.Комиссия төрағалары болып мемлекеттік қызмет саласына еңбегі сіңген қызметкері Қараболат Нұртазин, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет кафедрасының профессоры Зинаида Федотова, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Георгий Ким және Қазақ гуманитарлық-құқық университетінің профессоры, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы рақымшылық жасау комиссиясының мүшесі Төлеш Қаудыров сайланды.

Бұл тұста, жаңа заңнамалардың талаптарына сәйкес, кеңес мүшелері «Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметінің кейбір мәселелері туралы» бұйрық жобасын талқылады.

Қазіргі таңда барлық орталық мемлекеттік органдарда және облыс әкімдіктерінде Әдеп жөніндегі уәкілдер тағайындалған, оларға мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік нормаларын сақтауын қадағалауға міндеттелген. Әдеп жөніндегі уәкілдерге мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетуге,  мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және ұжымдағы моральдік-психологиялық жағдайды зерттеуге құзыреттілік берілген..  

Коғамдық кеңестің отырыстарының қорытындылары жөніндегі ақпаратты министрліктің ресми интернет-ресурсынан алуға болады.

Соңғы жаңалықтар
telegram