ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облыстық департаменті басшысы тағайындалды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қ.Қожамжаровтың бұйрығымен Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы болып Қарымсақов Мұрат Секешұлы тағайындалды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облыстық департаменті басшысы тағайындалды

Ол бұған дейін ол ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет атқарған. Бұл туралы осы агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

М.Қарымсақов 1967 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зырянов қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Ресей Федерациясының қарсы барлау федералдық қызмет академиясын бітірген. Ұлттық қауіпсіздік органдарында 25 жылдам астам қызмет атқарған. 4 жылдам астам ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшесінің басқармасын басқарған.