ҚР Мемлекеттік орталық мұражайының жәдігерлері тәуелсіздік жылдары 10 мыңнан астам археологиялық жәдігермен толықты

АЛМАТЫ. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстандағы Шілікті обасынан табылған алтын бұйымдар Алматыдағы ҚР Орталық мемлекеттік мұражайында сақтаулы тұр.
None
None

Бұл туралы мұражайдың археологиялық орталығының жетекшісі Мастура Сатыбалдиева бүгін ҚазАқпарат тілшісімен болған сұхбат кезінде айтты.

«Біздің археологиялық қорға Қазақстан аумағында жүргізілген археологиялық зерттеулер мен  қазба жұмыстары кезінде табылған материалдар өткізіліп отырады. Мәселен, соңғы жылдары бізге Жолдасбек Құрманқұлов Арал бойы сақтарының мәдениетіне қатысты дүниелерін тапсырды. Әбдеш Төлеубаев  Шығыс Қазақстандағы Шілікті таулы аумағындағы   Сақ қорымдарынан табылып, жұртшылық арасында «екінші сақ алтын  адамы» аталып кеткен жәдігерді өткізді, ал Зейнолла Самашев Батыс Қазақсандағы зерттеу материалдарын берді», - дейді М.Сатыбалдиева. Оның айтуынша, 1969 жыл Есік обаларынан табылған «алғашқы сақ алтын адамы» бұл мұражайда емес. Аймақтарда  табылған заттар оны сақтауға және ғылыми айналымға енгізу мүмкіншілігі болған жағдайда  археологтар оны жергілікті мұражайларға өткізуге тырысады. Мастура Сатыбалдиева: «Қазір жалпы қордағы жәдігерлердің саны 300 мыңнан асады. Мұражай қорының   археологиялық орталығының өзі  тәуелсіздік жылдары 10 мыңнан астам жәдігермен толықты. Бұрын кеңестік дәуірде ел арасында сақталып қалған  кейбір құнды бұйымдарды сатып алуға бюджеттен арнайы қаржы бөлінетін. Қазір бұл үрдіс тоқтап қалды. Сондықтан бұл мәселені өз шамамызға қарай өз күшімізбен шешіп жатырмыз. Мәлелен ел аумағында  археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуге мұражайдың рұқсат қағазы бар», - дегенді айтып отыр.

Соңғы жаңалықтар