ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай Астанада веложарыс өтеді

Аталған іс-шара жыл сайын өткізіледі және кәсіби және әуесқой велоспортпен айналысатын 2500-ден аса адамды жинайды. Веложүгіріс қатысушылары 10 км 500 м қашықтықты Қабанбай даңғылы бойымен ары қарай Қорғалжың тасжолы, Тұран даңғылын жүріп өтіп, «Астана-Арена» стадионы алдына келіп тоқтайды. Жыл сайын веложүгірісті спортшылар, қоғам қайраткерлері, танымал тұлғалар қолдап, іс-шараға қатысады.
Бірінші веложүгіріс 20 мамыр күні EXPO -2017 Халықаралық көрмесін қолдау мақсатымен веломаусымының ашылу қарсаңында өткізілді. Кейін әуесқой велоспорт өкілдерінің өтініші бойынша, Астана қаласы әкімдігінің бастауымен Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы және Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ аталған шараны ұйымдастыруда.
Қатысушыларды тіркеу 8-00-де, веложүгіріс уақыты сағат 9-00-да Қабанбай батыр көшесі, «Астана-Арена» стадионы алдында басталады. Веложүгіріс кезінде жоғарыда аталған көшелер жабылады.
Шара аяқталған соң ұйымдастырушылар тіркеу нөмірлері бойынша ұтыс ойынын өткізеді.