ҚР Мемлекеттік рәміздер сайты ашылады

АСТАНА. 29 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер сайты ашылады.

ҚР Мемлекеттік рәміздер сайты ашылады

Бұл туралы аталған жоба авторларының бірі - Жандос Құрманбаев ақпараттық агенттіктердің біріне хабарлады.

Жобаның негізгі мақсаты - Интернет тұтынушыларға ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы шынайы ақпаратты, сондай-ақ сапалы сурет пен аудиожазбаларды ұсыну. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде іске қосылатын жаңа сайтта қалалардың елтаңбалары мен Қазақстандағы барлық әскери күштердің туларын да орналастыру жоспарланып отыр.   

«Біз Әнұранның бірнеше нұсқасын әзірлеуді көздеп отырмыз. Оның ішінде қысқа, ұзақ, сөзімен және сөззсіз аудиожазба болуы тиіс. Әрине, ол үшін филармония, я болмаса, оркестрдің көмегі қажет болады», - дейді Ж.Құрманбаев.

Жаңа жобаны іске асыру үшін шамамен 7 млн. теңге қажет. Бүгінде ақша жағынан көмектесуге даяр азаматтар да бар көрінеді.