ҚР Мемлекеттік Туын және Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі лицензияланатын қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілді

АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен ҚР Мемлекеттік Туын және Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі лицензияланатын қызметке қойылатын біліктілік талаптары  бекітілді.
None
None

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Астана, Үкімет Үйі 2011 жылдың 14 желтоқсанынан №1529 бұйрық

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі лицензияланатын қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі лицензияланатын қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектілерді дайындау жөніндегі лицензияланатын қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 сәуірдегі №392 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., №16, 206-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011жылғы «14» желтоқсандағы №1529 қаулысымен бекітілген

Біліктілік талаптар баспасөзде жарияланды.

Соңғы жаңалықтар