ҚР мен ҚХР қазақстандық жобалар үшін 300 млн долларлық қор құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Қытай қазақстандық жобаларды қолдау мақсатында жалпы капиталы 300 млн АҚШ долларын құрайтын  қор құратын болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ҚР мен ҚХР қазақстандық жобалар үшін 300 млн долларлық қор құрады

««Қазына Капитал Менеджментте» Citic Kazyna Investment Fund I қоры аясында қытайлық серіктестермен бірлескен тәжірибе бар. Ол қор арқылы Қазақстан аумағында орналасқан құны 100 млн АҚШ долларлық 5 жоба қаржыландырылған. Ол - электр энергиясы мен темір жол кешендеріне қатысты инфрақұрылымдық жобалар. Біз 2017 жылдың соңына дейін 300 млн долларлық бірлескен қор құруды жоспарлап отыр. Ол бойынша алғашқы жоба келесі жылы қаржыландырылатын болады. Бұл Қазақстандағы private equity нарығының дамуындағы  ««Қазына Капитал Менеджменттің» жасаған тағы бір қадамы болғалы отыр», - дейді ҚКМ басқарма төрағасы Асқар Достияров  «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы Холдингі» делегациясының Бейжіңге жасаған сапары барысында.
null 

Асқар Достияровтың айтуынша, жаңа қордың құрылуы Қытай холдингтері мен Гонконгтың жеке компаниялары үшін Қазақстанды инвестициялық тұрғыдан тартымды ел ретінде таныта түседі.

«Отандық кәсіпорындар үшін бұл қосымша қаржы көзі ретінде болады», - дейді компания басшысы.

Асқан Достияров өз сөзінде бірлескен қорды құруда Бейжіңде соңғы жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Қордың қатысушылары «Қазына Капитал Менеджмент», CITIC Group Corporation, Қытай-еуразиялық экономикалық серіктестік қоры мен Asia Investment Finance Group болмақ. Сонымен бірге, ол қордың Қазақстан аумағындағы энергетика, ауыл шаруашылығы, логистика, инфрақұрылымдық құрылыс, жаңа ұрпақтың ақпараттық технологиялары мен жоғары технологиялы өндіріс салаларындағы жобаларды қолдауға бағытталған.
null 

Сапар барысында қазақстандық делегация Азиялық инвестициялық-қаржылық CITIC Securities тобымен келіссөздерді жүргізу үшін Гонконгқа баруды жоспарлап отыр. Ол кездесуде қазақстандық делегация Гонконг қор биржасымен кейбір қазақстандық компанияларды IPO-ға өткізу бойынша серіктесе атқаратын жұмыстарды талқыламақ.