ҚР мен РФ Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылары өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеу қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы жарғылық органдарының отырыстары аясында Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Н.Ермекбаев Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Н.Патрушевпен кездесу өткізді.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Келіссөздер барысында өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы өзара ықпалдасудың, сондай-ақ заманауи сын-қатерлерге қарсы бірлескен іс-қимыл жүргізудің өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты алдағы уақытта да дамытуға мүдделілік танытты.
Консультациялардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Қауіпсіздік Кеңестері аппараттарының 2015-2016 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.